"Өз елім": мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Қазақстан атынан сынға түсінуінің себебін түсіндірді
Опубликовано:
Читать на русском
Мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама өкілі София Самоделкина неліктен Қазақстан атынан жарысқа түсуді шешкенін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
17 ақпанда қазақстандық cпортшы қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, 68,47 ұпай жинады – бұл оның жеке рекорды, осы нәтижемен ол 12-орында тұр.
Спортшы өнер көрсеткеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Норвегиялық БАҚ өкілі Самоделкинаға неге Қазақстан туының астында өнер көрсетуді шешкенін сұрады. Мәнерлеп сырғанаушы 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алған.
– Неліктен Қазақстан құрамасы атынан жарысқа түсуді шешкеніңізді түсіндіре аласыз ба?
– Бұл сұраққа жауап беруге міндеттімін бе? Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді, себебі бұл тақырып бұған дейін талқыланып кеткен. Мен Қазақстан атынан екінші рет бақ сынап жатырмын және оны өз елім деп санаймын. Маған осы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берген ел, және мен оған өте ризамын.
– Бұл спорттық себеп пе, әлде саяси себеп пе?
– Мен бұл сұраққа жауап бергім келмейді, себебі бұл жалғыз себеп емес. Мұнда тағы басқа нәрселер бар және ол бір күні белгілі болар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2345001-oz-elim-manerlep-syrganaushy-sofia-samodelkina-qazaqstan-atynan-synga-tusinuining-sebebin-tusindirdi/