jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық шаңғышылар 2026 жылғы Олимпиада ойындарында командалық спринт финалына өте алмады

    қазақстандық шаңғышы
    Шаңғы жарысы. Фото: t.me/olympickz

    Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан командалық спринт сайысының іріктеуі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әмірғали Мұратбеков пен Наиль Башмаков командалық спринт сайысына қатысты. Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан финалға өте алмады.

    Іріктеу кезеңінде қазақстандық шаңғышылар 6:35.34 уақыт көрсеткішін тіркеп, 27-орынға тұрақтады. Бұл нәтиже финалға жолдама алу үшін жеткіліксіз болды.

    Айта кетейік, финалға 15 үздік команда өтті.

    Бұған дейін осы дисциплинада Надежда Степашкина мен Дарья Ряжко да іріктеу кезеңінен өте алмаған еді.

    Командалық спринттен финалдық жарыстар да 18 ақпанға жоспарланған.

    Қазақстандық шаңғышылар 2026 жылғы Олимпиада ойындарында командалық спринт финалына өте алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.