Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі қандай?

Жарияланған күні:

Бүгін елордамыз Астанада Пхенчханда өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі: UGC

Қазақстандық спортшылардың спорттық киім үлгісін Жапонияның Mizuno компаниясы шығарған. Кез келген ауа райында спортшыларға ыңғайлы болуы үшін Breath Termo технологиясы пайдаланылған.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы ким үлгісі
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі: UGC

Көк түсті спорттық киім үлгілері ұлттық ою-өрнектермен де нақышталған.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы ким үлгісі
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі: UGC

Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі: UGC

Айта кетейік, Оңтүстік Корея жеріндегі қысқы Олимпиада ойындарына (9-25 ақпан аралығы) әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорттық сайыс түрі бойынша 98 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.

Қазақстандық спорт делегациясы Пхенчхандағы додаға 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1712270-kazakstan-kramasyny-kysky-olimpiada-ojyndaryndagy-kiim-lgisi-kandaj/