Бүгін елордамыз Астанада Пхенчханда өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5r1aaprsv2e.jpeg)
Қазақстандық спортшылардың спорттық киім үлгісін Жапонияның Mizuno компаниясы шығарған. Кез келген ауа райында спортшыларға ыңғайлы болуы үшін Breath Termo технологиясы пайдаланылған.
![Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы ким үлгісі Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы ким үлгісі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx2opm0e42eb9g.jpeg)
Көк түсті спорттық киім үлгілері ұлттық ою-өрнектермен де нақышталған.
![Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы ким үлгісі Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы ким үлгісі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5qa6t045fi8.jpeg)
Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев көтеріп шығады.
![Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиада ойындарындағы киім үлгісі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6ic51jtnupv.jpeg)
Айта кетейік, Оңтүстік Корея жеріндегі қысқы Олимпиада ойындарына (9-25 ақпан аралығы) әлемнің 80-нен астам елінен 5000-ға жуық спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарланған. 15 спорттық сайыс түрі бойынша 98 медаль жиынтығы сарапқа салынатын болады.
Қазақстандық спорт делегациясы Пхенчхандағы додаға 9 спорт түрінен қатысуды жоспарлап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1712270-kazakstan-kramasyny-kysky-olimpiada-ojyndaryndagy-kiim-lgisi-kandaj/