
Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан 4х6 шақырымдық әйелдер эстафетасының жеңімпаздары белгілі болды. Сапында Қазақстан тумасы бар Беларусь құрамасы осы сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Мәре сызығын екінші болып Швеция, үшінші Франция кесті. Қазақстандық биатлоншылар 14-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Динара Әлімбекованың әкесі – қазақ, анасы – беларусь. Спортшы қыз 1996 жылы Қарағанды облысындағы Абай қаласында дүниеге келген.

Үш жасында Динараның отбасы Беларусь еліне қоныс аударған. Сол жерде биатлонмен айналыса бастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1718367-kazakstan-tumasy-kysky-olimpiada-ojyndaryny-cempiony-atandy-foto/