Пхенчхаедағы Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Онда Қазақстан спортшылары арасынан тек бір ғана спортшы Юлия Галышева қола медальді жеңіп алды. Sports.kz сайты халықаралық додада жеңіске бір табан жақын қалған спортшылар тізімін жариялады деп жазады NUR.KZ.
Сонымен, шорт-тректен ерлер эстафета командасы (Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов) "А" финалына аздаған ұпайы кем болып жете алмай, "Б" финалында екінші орын, ал жалпы есепте алтыншы орынға табан тіреді.
Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да жалғыз сырғанауда жақсы өнер көрсетіп, 12-орынға қол жеткізді. Ал қысқа бағдарламада 15-ші, еркін бағдарламада 13-орынға ие болды.
Галина Вишневская биатлоннан үздік 20 спортшының қатарынан көрінді.
Сондай-ақ, спортшылар арасында ел үмітін ақтай алмай қалған олимпиадашылар да бар.
Олардың қатарында Алексей Полторанин шаңғы спортынан 15-орын алып қалды.
Могулшы Дмитрий Рейхерд те ақтық сынға жете алмай, жанкүйерлердің көңілін түсірді.
Сондай-ақ мәнерлер сырғанаушы Денис Тенге де қазақстандықтар үлкен үміт артқан еді. Алайда ол алған жарақатына байланысты еркін бағдарламаға да өте алмай қалды.
NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1718749-bjyrmagan-bak-kysky-olimpiadada-zeiske-bir-taban-zakyn-kalgan-kimder/