Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экономика министрі әлем чемпионатында қай команданың жеңетінін болжады

Опубликовано:

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрмасына қолдау көрсететінін айтты. Аргентина үшін тақымын қысып отырған министрді өзі де футбол ойнағанды ұнатады екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Министр әлем чемпионатында қай команданың жеңетінін болжады
Министр әлем чемпионатында қай команданың жеңетінін болжады: UGC

Тілшілердің қай елдің құрмасы футболдан Әлем чемпионы атануы мүмкін деген салауына Сүлейменов "Мүмкін Аргентина құрамасы жеңімпаз атанатын шығар", - деп сөзін қысқа қайырды.

Сонымен қатар, өзі де футбол ойнағанды ұнататынын, сол жақ қанатта қорғаушы екенін де жасырмады.

Еске салсақ, Леонель Месси бастаған Аргентина құрамасы Исландиядан айласын асыра алмаған еді.

Топтын жарық жұлдызы саналатын Месси 11 метрлік айып тобын сәтсіз орындап, ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1737737-ekonomika-ministri-lem-cempionatynda-kaj-komandany-zeetinin-bolzady/