Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде орыс қызымен кездескен мексикалық жанкүйер із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Мәскеуде Франсиско Хавьер Мата Санчес есімді мексикалық жанкүйер жоғалып кетті. Бұл туралы prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: UGC

Сайттың хабарлауынша, мексикалық жігіт Алита есімді ресейлік қызбен кездесу керек болатын. Бірге келген достарының айтуынша, содан кейін Санчес жоғалып кеткен және байланысқа шықпаған. Оның телефоны байланыс аясынан тыс жерде.

"Біз бірдеңенің дұрыс емесін түсіндік. Өйткені 16 маусым күні онымен соңғы рет сөйлескенімізде, ол не айтып тұрғанын білмеді, тіпті жылап та тұрды", - дейді мексикалықтың құрбысы Аманда Паола Смеке.

Жоғалып кеткен азамат Мәскеуге чемпионатты тамашалау үшін достарымен бірге келген. Оның өмірі үшін алаңдаған достары полицияға арыз берді.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1738339-resejde-orys-kyzymen-kezdesken-meksikalyk-zankjer-iz-tzsiz-zogalyp-ketti/