20 маусым күні Vesti.kz интернет порталы алматылықтың қаладағы бір букмекерлік кеңсесінде әлем чемпионатындағы Мессидің голы мен Аргентинаның Хорватиямен болатын матчта жеңетініне 2,5 млн теңге тіккенін жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Букмекер бұл оқиғаны 2.78 коэффициентімен бағалаған. Егер жолы болғанда, ол "таза" 4,45 млн теңгеге ие болатын еді. Алайда, Хорватиямен болған ойын кезінде барлығы басқаша болды: Месси өзін көрсете алмай, "альбиселесте" 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Осылайша, Алматыда тұратын Аргентина құрамасы жанкүйерінің жасаған "батыл" қадамы оңды болмай шықты.
Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1738600-messidi-zeisine-bs-tikken-almatylyk-zigit-25-mln-tegesinen-ajyrylyp-kaldy/