Әлем чемпионатының топтық кезеңінде кездескен Аргентина мен Хорватия құрамалары арасындағы ойынға төрелік еткен өзбек төрешісі сынға қалды. Танымал ресейлік комментатор маманға жағымсыз сөздер жаудырып, оны есекке теңеген деп хабарлайды sports.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Василий Уткин әлеуметтік желі арқылы Равшан Ирматовты сөгіп тастаған.
"Ровшан Ирматов есектің баласы! Сары қағаздар қайда?" , - деп жазған Уткин.
Комментатордың бұлай жазуының себебі букмекерлік орталыққа тіккен ақшасы болса керек. Маман шамамен, ойында үш сары қағаздан көп болады деп бәс тіккен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1738677-resejlik-kommentator-zbek-tresisin-esekke-teedi/