Әлем чемпионаты кезінде ойынды тікелей эфир арқылы жүргізіп отырған Панама комментаторлары көз жасына ерік берді. Дүниежүзі халқы назарын тіккен басты сайыста шырқалған панамалық әнұран ер азаматтарды ерекше сезімге бөлеген деп хабарлайды NUR.KZ.
Әлем чемпионаты кез келген футбол жанкүйеріне ерекше әсер сыйлары сөзсіз. Әсіресе, ойынды тікелей қосылымнан жүргізіп отыратын жандардың сезімін түсіндіріп жеткізу қиын болады.
Әлеуметтік желіде жылап жатқан комментаторлар видеосы таралып кетті. Панамалық журналистер өз елінің әнұранын әлем чемпионатында естігенде еңіреп тұрып жылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1738848-lem-cempionatynda-z-elini-nranyn-estigen-kommentatorlar-eirep-zylady/