Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін толғақ қысқан англиялық футболшы Ресейден ұшып кетті

Опубликовано:

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт жартылай қорғаушы Фабиан Делфтың үйіне қайтып кеткені жайлы айтып берді деп хабарлайды Sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фабиан Делф. Сурет: Динамо Киев от Шурика
Фабиан Делф. Сурет: Динамо Киев от Шурика: UGC

28 жастағы "Манчестер Сити" командасының ойыншысы Бельгиямен болған ойынынан кейін әйелінің толғағы басталғандықтан Англияға жол жүріп кетті. Олар дүниеге үшінші баланың келуін күтіп отыр.

"Бұл - керемет күн. Дүниеге балаң келейін деп жатыр. Футболдан да маңызды дүние бар. Соның бірі - отбасы. Менің ойымша, ол отбасы үшін сонда болуы керек. Мүмкін ол баласы туғаннан кейін қайтып келеді. Мүмкіндіктерді дұрыс бағалау керектігін ойлаймын", - деді бапкер.

Әлем чемпионатында Дельф Панамамен (6:1) өткен матчында 28 минут ойнап, Бельгиямен (0:1) болған ойынды толықтай өткізген.

Бүгін Мәскеуде Англия құрамасы 1/8 финалдың матчын Колумбияға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1740396-jelin-tolgak-kyskan-anglialyk-futbolsy-resejden-syp-ketti/