Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хорватия президенті Медведевтің алдында билей жөнелді

Опубликовано:

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович Ресеймен өткен футболдың ширек финалында шынайы эмоциясын жасыра алмады. Ол Сочидегі стадионда, Медведевтің алдына тұрып билей жөнелген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович. Фото AFP
Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович. Фото AFP: UGC

Хорватия көшбасшысы футболшыларының Ресей қақпасына соққан екінші голында қатты қуанып кеткен. Оны Домагой Вида басымен дәлдеп соққан болатын. Стадиондағы басқа жанкүйерлер президенттің қызықты әрекетін видеоға түсіріп алған.

Грабар-Китарович билей бастағанда Дмитрий Медведев басын теріс бұрады.

Еске салсақ, дәл осы ойында Хорватия құрамасының қорғаушысы Домагой Вида ресейліктермен болған 1/4 финалдың матчынан кейін "Слава Украине!" деп айтқан. Енді футболшы сол әрекеті үшін жазалануы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1741224-horvatia-prezidenti-medvedevti-aldynda-bilej-zneldi/