jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Жарнамалауды доғарыңдар": Хорватияның бас бапкері ел билігін аяусыз сынға алды

    : UGC

    Хорватия құрамасының бас бапкері Златко Далич ресми түрде ашық хат жолдап, ел саясаткерлерін қатты сынап тастады. Маман хорватиялық билік өкілдерін құрама жетістіктерінің арқасында өздеріне жарнама жасамауға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

    Фото: Getty Images
    Фото: Getty Images: UGC

    Бас бапкер құраманың әлем чемпионатынан ұтып алған 23 миллионы толығымен хорватиялық балалардың қорына аударылатынын айтты.

    "Мен бұл хат жолдарын Хорватияда орнаған ауыр жағдайға байланысты жазып отырмын. Хорватия - Еуроодақтағы ең кедей елдердің бірі. Оның билік басындағы шенеуіктерінің ұйымдастырылған қылмыс ортасына қатысы бар.

    Соңғы 20 жылда мемлекеттен қоныс аударып кеткендер саны жетіп артылады. Біздің зейнеткерлер жөнді зейнетақысын, жастар тиісті оқуын ала алмай әлек. Ал жемқорлық жайлаған заң жүйесі үлкен капиталдарды қорғап жүр.

    Мен халықтың кедейленуіне септігі тиген саясаткерлер мен ел басындағы билік өкілдеріне Хорватия құрамасынан аулақ жүрулерін сұраймын.

    Біздің ортада сіздерді ешкім көргісі келмейді. Сіздермен суретке түсуге де ниетіміз жоқ. Сіздермен ешқандай іс жүргізгіміз де келмейді.

    Хорватияны кедей ел жасаған мына сіздер. Мемлекетте теңіз жағалауын көрмей, ата-анасы жұмыссыз болған соң аш жүретін балалар көп. Біздің елді осы халге түсіргендерге біз разы емеспіз.

    Біздің шешімді сыйлаңыздар. Ұлттық құрама формасын кимеңіздер. Біздің жетістікті өздеріңізді жарнамалау үшін қолдануды қойыңыздар.

    Ұлттық құрама барлық жеңіп алған қаржысын балалар қорына аудармақпыз. Қор мұқтаж бүлдіршіндерді теңізге демалуға жіберетін болады. Біздің оларға қолдан келер көмегіміз осы ғана", - деп жазған Златко Далич.

    "Жарнамалауды доғарыңдар": Хорватияның бас бапкері ел билігін аяусыз сынға алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.