jitsu gif
Спорт

    Күрделі трюк жасамақ болған гимнаст қыз екі аяғын сындырып алды

    : Twitter

    Америкалық гимнаст қыз Саманта Черио аса күрделі жаттығуын орындау барысында екі аяғын сындырып алды. Алға екі мәрте сальто жасамақ болған бойжеткен өзінің спорттағы мансабына нүкте қойды деп жазады "The Sun" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға өткен жұмада америкалық Батон-Руж қаласында орын алған.

    Өзінің өнер көрсетуі кезінде аяғына нық тұра алмаған спортшы қыз жантүршігерлік жарақат алып қалды.

    Саманта Черио сәтсіз жасалған сальтодан кейін екі аяғын сындырып алған.
    Фото: Скриншот
    Фото: Скриншот: Facebook

    Аэроғарыштық инженерия институтының студенті болып табылатын ару сальто кезінде ауада ұшып, матрацтың шетіне бір-ақ қонды.

    Сәтсіз жаттығу гимнаст қыздың мансабына елеулі түрде нұсқан келтірген.

    Фото: Скриншот
    Фото: Скриншот: Facebook
    Нәтижесінде екі аяғын сындырған Черио тізесін құшақтай жылады. Жарысқа келген жұртшылық біразға дейін аң-таң болып, өз-өзіне келе алмаған.

    Аяғы қатты ауырған спортшы қыз айқайға салып, көпшілікті одан бетер қорқытып жіберіпті.

    Бұл жантүршігерлік оқиғадан кейін Саманта Черио спорттан кету шешімін қабылдағанын хабарлады.

    Бойжеткен өзінің Instagram парақшасына жантебірентерлік жазба қалдырған.

    "Жұма күні менің гимнаст ретіндегі соңғы кешім болды. 18 жылымды арнаған спортпен қош айтысатын уақыт та келіп жеткен сыңайлы. Гимнастиканың арқасында мен мүлде басқа адамға айналдым. Оны мақтан тұтамын. Бұл спорт мені әділдікке, еңбекке және іске деген адалдыққа үйретті" , - деп жанкүйерлерімен қоштасты спортшы.

    Ескерту! Видеода адамға қатты әсер ететін кадрлар болғандықтан, оны кәмелеттік жасқа толмағандарға, жүкті әйелдерге және әсершіл адамдарға көруге болмайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.