Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты (фото)

Жарияланған күні:

Сабина Алтынбекованың неке қию рәсімі
Фото: Instagram/altynbekova_20

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқы шықты. Спортшы ару сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды Сабина Алтынбекованың өзі Instagram парақшасында хабарлады. Ол неке қию рәсімінен суретті жариялап, қалың көпшілікті таңғалдырды.

"Бұл жылды ең керемет ер адамның әйелі ретінде аяқтаймын", - деп жазды волейболшы ару.

Желі қолданушылары спортшы қыз үшін аса қатты қуанып, оны құттықтауға асықты. Атынбекованың оқырмандары аталмыш фотоның астына өзінің жүрекжарды тілектерінжарыса қалдырып жатыр.

Еске сала кетейік,, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сымбатты" спортшы ретінде танылды.

Сонымен қатар, бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мойындаған болатын.

Ол тіпті өзінің жары ретінде Алтынбековадан басқа аруды көре алмайтынын да айтқан еді. Хамитов алдағы уақытта бірқаар мақсаттарына қол жеткізіп, спортшы арудың көңілі табуға бар күшін салмақ болған.

Алайда, волейболшы қыз оның сезімдеріне жауап бермей, оны спорттағы жетістіктері, адамгершілігі, батылдығы мен бойындағы қазақ батырының рухы үшін аса қатты құрметтейтінін жеткізді.

Сабина Алтынбекова Хамитовты өмірінде бір-ақ рет көрген болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1890984-sabina-altynbekova-trmyska-sykty-foto/