Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шыққанын осыған дейін жазған болатынбыз. Спортшының таңдауы Саят Тостықбаев есімді азаматқа түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Суретті жастардың неке қию рәсімін өткізген белгілі дінтанушы, Islam.kz порталының бас редакторы Қайрат Жолдыбайұлы әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеп:
"Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некесін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", - деген жазба қалдырды.
Сабина Алтынбекованың күйеуі туралы не білеміз
Ашық дереккөздерде спортшының күйеуі туралы ақпарат өте аз.
Sputnik Қазақстанның мәліметінше, "Одноклассники" желісіндегі парақшасында Саят Тостықбаевтың 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.
Сонымен қатар спортшының арқа сүйер азаматының қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің қатарында болғаны туралы ақпар бар.
Еске сала кетейік,, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатынан кейін желіде ең "сымбатты" спортшы ретінде танылды.
Одан бөлек, бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мойындаған болатын.
Ол тіпті өзінің жары ретінде Алтынбековадан басқа аруды көре алмайтынын да айтқан еді. Хамитов алдағы уақытта бірқаар мақсаттарына қол жеткізіп, спортшы арудың көңілі табуға бар күшін салмақ болған.
Алайда, волейболшы қыз оның сезімдеріне жауап бермей, оны спорттағы жетістіктері, адамгершілігі, батылдығы мен бойындағы қазақ батырының рухы үшін аса қатты құрметтейтінін жеткізді.
Сабина Алтынбекова Хамитовты өмірінде бір-ақ рет көрген болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1891044-sabina-altynbekovany-kimge-trmyska-sykkany-belgili-boldy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.