jitsu gif
Спорт

    Токио Олимпиадасының алауы тұтанды (фото)

    Олимпиада алауы
    Көрнекі фото: Kim Kyung-Hoon - Pool/Getty Images

    Жапонияда биыл Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды деп хабарлайды РБК.

    Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, олимпиадалық алауды табыстау эстафетасы Фукусима префектурасындағы J-Village стадионынан бастау алған.

    Эстафетаның алғашқы қатысушысы 2006-2016 жылдар аралығында Жапония құрамасында өнер көрсеткен футболшы ару Азуса Ивасимидзу болды.

    Олимпиада алауын алып жүру эстафетасы Жапонияның барлық 47 префектурасында өтеді және 23 шілде яғни Олимпиаданың ашылуына дейін 121 күнге созылады.

    Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты 8 тамызға жоспарланған.

    Олимпиада алауы
    Фото: Kyodo News via Getty Images

    Айта кетейік, Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді, бірақ коронавирус пандемиясына байланысты спорттық дода бір жылға кейінге қалдырылды.

    Олимпиада алауы
    Фото: Du Xiaoyi - Pool/Getty Images

    Бастапқыда ұйымдастырушылар Олимпиада ойындарын көруге билет сатқан болатын, алайда 20 наурызда ойындарды көрерменсіз өткізу туралы шешім қабылданды.

    Ұйымдастырушылар дүбірлі дода пандемия жағдайында өткізіліп жатқандықтан, бұл шараға амалсыздан барып отырғанын, спортшылар мен Жапония халқының денсаулығына басымдық беретінін айтады.

    Олар билет сатып алған барлық шетелдік жанкүйерлерге шығындарды өтеуге уәде берген. Мұндай жанкүйерлердің саны – 900 мың.

    Алайда қонақүйге бронь қою секілді қосалқы шығындар өтелмейді.

    Токио Олимпиадасының алауы тұтанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.