Қазақстандық Сергей Цырульников Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды "Хабар 24".
Атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толғанына орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников таға майыстырудан 7 сәуір күні әлемдік жаңа рекорд орнатты.
Ол 37 секундта 4 темір тағаны майыстырған.
Жиын елорда маңындағы қазақтың кәсіпқой балуанының аты берілген Қажымұқан ауылында өткен.
Айта кетерлігі, Цырульников майыстырған тағалар қарапайым ат әбзелдеріндегідей емес. Мұнда голландиялық тағалар қолданылған. Оның әрқайсысы салмағы бір тоннаға дейін жүк көтереді.
"Калибрленген, мөлшері 8-ден 22 миллиметрге дейін. Түсінікті болу үшін бұл – голландиялық тағалар. Біз қолданатын тағалар емес. Олар әлемдегі ең мықты тағалар болып есептеледі. Бұған дейінгі әлемдік рекорд литвалыққа тиесілі. Ол бір минутта тек екі тағаны майыстырған. Біздің спортшы 37 секундта 4 тағаны майыстырды", - дейді қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ тұрғыны сүйікті фильмін қайталап көре беруінің арқасында әлемдік рекорд орнатқанын жазған едік. Рамиро Аланис "Мстители: Финал" фильмін ерекше ұнатқаны соншалық, оны кинотеатрдан бір емес 191 рет көрген.
Флорида штатында тұратын азаматқа бұл рекордты орнату қиынға соқпаған. Себебі, Рамиро өзіне қатты ұнайтын фильмді қайталап көре бергеннен ерекше күйге бөленеді екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1906911-qazaqstandyq-sportsy-tagany-maiystyrudan-alemdik-rekord-ornatty-foto/