Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті фильмін қайталап көре берген жігіт әлемдік рекорд орнатты

Опубликовано:

Рамиро
Фото: Twitter / Agustin Alanis

АҚШ тұрғыны сүйікті фильмін қайталап көре беруінің арқасында әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды guinnessworldrecords.com сайты.

Рамиро Аланис "Мстители: Финал" фильмін ерекше ұнатқаны соншалық, оны кинотеатрдан бір емес 191 рет көрген.

Рамиро
Фото: guinnessworldrecords.com

Флорида штатында тұратын азаматқа бұл рекордты орнату қиынға соқпаған. Себебі, Рамиро өзіне қатты ұнайтын фильмді қайталап көре бергеннен ерекше күйге бөленеді екен.

Рамиро
Фото: Twitter / Agustin Alanis

Десе де, бұл рекорд үшін Рамироға барлық бос уақытын сарп етуге тура келген. Ол, тіпті достарымен және туыстарымен сөйлесіп-араласудан қалған. Оның үстіне әдеттегідей жаттығу залына да бара алмапты. Салдарынан салмақ қосқанын да жасырмайды.

Рамиро
Фото: guinnessworldrecords.com

Соған қарамастан, Рамиро рекорд орната алғанын мақтан тұтады. Бүгінде оның қолында Гиннестің рекордтар кітабына енгенін растайтын ресми сертификат бар.

Рамиро
Фото: guinnessworldrecords.com

Еске салсақ, бұған дейін Кипр тұрғыны әлемдегі ең ұзын фатаның иесі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған едік. Мария Параскева ұзындығы 6962 метрге жететін фата таққан.

Одан бөлек, Қытай тұрғыны әлемдегі ең ұзын бойлы жасөспірім атағына ие болып, рекорд жаңартқанын жазған болатынбыз.

Қытайдың Сычуань провинциясында тұратын Реннің бойы - 221,03 сантиметр.

Анасы мен әкесі оны бірнеше рет медициналық тексеруден өткізген. Дегенмен дәрігерлер жасөспірімнің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқтығын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906761-suiikti-filmin-qaitalap-kore-bergen-zigit-alemdik-rekord-ornatty-foto/

pixel