Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2032 жылы жазғы Олимпиада ойындарының қайда өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Брисбен қаласы
Брисбен қаласы. Фото: pixabay.com

21 шілде күні Токиода өткен Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) 138-сессиясында 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасы таңдалды.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитеті Twitter парақшасында хабарлады.

"Брисбен 32-Олимпиада ойындарының астанасы болып таңдалды! Құттықтаймыз!", - делінген ХОК хабарламасында.

Kyodo басылымының жазуынша, жыл сайынғы сессия кезінде Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшелері дауыс бергеннен кейін Брисбен қаласы 2032 жылы жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу орны ретінде бекітілген.

Брисбен Мельбурн (1956 жыл) мен Сиднейден (2000 жыл) кейінгі Олимпиада ойындарын өткізетін үшінші австралиялық қала болып отыр.

Айта кетсек, 2032 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасы атану үшін Брисбеннен бөлек Қытайдың Чэнду мен Чунцин қалалары, Доха, Будапешт, Рейн-Рур және Сеул мен Пхеньян өтінім жіберген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда жазғы Олимпиада ойындары көрсетілмеуі мүмкін екенін жазған едік. Осыған байланысты Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірген болатын.

"Токио Олимпиадасының тікелей трансляциялар құқығы "Dentsu Inc." компаниясына тиесілі. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мен "Хабар" агенттігі" АҚ ""Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" телеарналары арқылы жазғы Олимпиаданы ел аумағында көрсету бойынша келіссөздерді 2019 жылы бастаған болатын.

Тараптар әзірге ортақ келісімге келе алған жоқ. Екіжақты келісімнің ұзаққа созылу себебі, құқық иесінің лицензия бағасын 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарымен салыстырғанда 123 пайызға қымбатқа ұсынуы", - дейді Қазақстан" РТРК" АҚ баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923319-2032-zyly-zazgy-olimpiada-oiyndarynyn-qaida-otetini-belgili-boldy/

pixel