Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең әдемі атлет": Ольга Рыпакованың көйлегі әлем жанкүйерлерін тәнті етті

Опубликовано:

Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев
Ольга Рыпакова мен Қамшыбек Қоңқабаев: olympic.kz

Бүгін Жапония астанасы Токиода кезекті жазғы Олимпиада басталды. Ойынның салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың қазақша стильдегі көйлегі әлем жанкүйерлерінің жоғары бағасына ие болды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дәстүр бойынша қатысушы мемлекеттердің шеруінде елдің байрағы бір спортшыға табысталатын. Кейін гендерлік саясатты насихаттау мақсатымен Халықаралық Олимпиада комитеті елдің туын бір әйел және бір ер адамның алып шығуын міндетті. Осылайша, Қазақстанның байрағын боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова көтеріп шыққан болатын.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ту ұстаушылардың киім үлгісін ең соңына дейін құпия ұстады. Ашылу салтанатында Қамшыбек пен Ольга ұлттық стильдегі киіммен ел алдына шықты. Арнайы тапсырыспен тігілген киімнің авторы - модельер Виолетта Иванова.

Ольга Рыпакованың сымбатын айшықтаған көйлек шетелдік жанкүйерлердің де қызығушылығын тудырды.

«Олимпиадашылардың киген костюмнің ішіндегі ең әдемісі. Мен Жапонияданмын. Сіздің командаңызға ойында сәттілік тілеймін».
«Мен Италияданмын. Бұл қыз мен үшін ең әдемі ту ұстаушы».
«Ол керемет. Атын білсе бола ма?».
Сондай-ақ, жанкүйерлер ҰОК Instagram парақшасының Direct-не тоқтаусыз жазып жатыр.
«Сондай әдемі! Көптеген жапондықтар осылай ойлайды».

Одан бөлек, біздің спортшылар мен ту ұстаушылар олимпиадашылар шеруіне дейін де, кейін де көпшілік назарында болды. Олимпиадалық ауылдағылардың барлығы дерлік біздің Рыпакова және Қоңқабаев сынды спортшыарымызбен суретке түсуге асықты", - деп жазды ҰОК ресми сайты.

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы. Бейжің Олимпиадасының күміс, Рио ойындарының қола жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923713-en-ademi-atlet-olga-rypakovanyn-koilegi-alem-zankuierlerin-esten-tandyrdy/

pixel