Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Теннисші Путинцева жарақат алып, ойыннан бас тартты

Опубликовано:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: instagram.com/yulia_putintseva

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева олимпиадалық турнирдің бірінші айналымында аргентиналық спортшы Надя Подороскаға қарсы матчты аяқтай алмады. Отандасымыз жарақат алып, ойынды мерзімінен бұрын аяқтады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Путинцева есеп 3:1 болған кезде жарақат алған. Бірінші сетті Подороска 7:6 есебімен жеңген.

Осымен Токио Олимпиадасында қазақстандық екінші теннисші жарақат алды. Бұған дейін Зарина Дияс та жарақатына байланысты жарыстан шығып қалған еді.

Еске сала кетсек, теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастағанын жазған едік.

Рыбакина бірінші айналымда австралиялық Саманта Стосурмен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Еленаның ендігі қарсыласы мысырлық Майар Әбделазиз және швециялық Ребека Петерсон жұбының жеңімпазы болмақ.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Токио Олимпиадасындағы жекелей сында жеңіліс тапты.

Ол ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесуде Бублик 4:6, 6:7 есебімен қарсыласына жол берді. Енді Александр Бублик Токио ойындарын жұптық сында жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923796-tokio-2020-tennissi-putinceva-zaraqat-alyp-oiynnan-bas-tartty/

pixel