Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қамшыбек пен Ольга": Жапон суретшісінің ерекше туындысы әлем жанкүйерлерінің назарын аударды

Жарияланған күні:

қазақ спортшылары
Фото: Twitter/hicoARTSTUDIO

Токиодағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шыққан спортшыларға әлем жұрты тәнті болды. Әсіресе ақ көйлек киген атлет Ольга Рыпакова көрерменнің көзіне бірден түсті. Салтанатты жиыннан ерекше әсер алған жапон суретшісі қазақ спортшыларының анимесін салып, жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жапон суретшісі Хиконың туындысын желі қолданушылары жарыса бөлісуде.

Онда боксшы Қамшыбек Қоңқабаев пен жеңіл атлет Ольга Рыпакова еліміздің туын ұстап келе жатқан сәті бейнеленген.

Желі қолданушылары суретшінің туындысына жоғары баға беріп жатыр.

"Жапондық жас суретші Хико Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына Қазақстан құрамасының шығуынан әсер алғаны соншалық, біздің ту ұстаушылар Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакованың бейнесін салыпты. Өте әдемі шыққан!", - деп жазды блогер Александр Цой парақшасында.

"Әлемжелінің жапон сегменті "жарылды", "Химэ" - Luna Frena ханшайым, Final Fantasy. Біздің құрама Жапонияда аса танымал комикстің әуенінің сүйемелдеуімен шығыпты. Ольга Олимпиаданың бейресми бөлігінде жеңді деп ойлаймын", "Қандай әдемі салынған сурет", - деп тамсанды желі қолданушылары.

Жапондық суретші біздің спортшыларымыздан бөлек twitter парақшасында бір күнде Олимпиада чемпионы атанған отандастары ағайынды Абэлерді де бейнеледі.

Айта кетейік, ойынның салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің туын көтеріп шыққан Ольга Рыпакованың қазақша стильдегі көйлегі әлем жанкүйерлерінің жоғары бағасына ие болды. Арнайы тапсырыспен тігілген киімнің авторы - модельер Виолетта Иванова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923893-qamsybek-pen-olga-zapon-suretsisinin-erekse-tuyndysy-alem-zankuierlerin-tanti-etti/