Олимпиада тарихында алғаш рет скейтбординтен жарыс өткізілді. Сайыс нәтижесінде 13 жастағы Нишия Момиджи әлемнің ең жас олимпиада чемпионы атанды деп хабарлайды olympics.com.
Олимпиадада көше скейтборды бойынша әйелдер арасындағы алғашқы жарыста екі ең кішкентай қатысушы алтын мен күмісті өзара бөлісіп алды.
Алтын медаль иегері Нишия Момиджи Олимпиада тарихында 15,26 нәтижесімен өз атын қалдырды. Оның соңғы үш жүгірісі (4.15, 4.66 және 3.43) жеңіс тұғырынан бірінші орын алу үшін жеткілікті болды
Екінші орынға бразилиялық Райсса Леал жайғасты. Оның да жасы 13-те. Сондай-ақ 16 жастағы Накаяму Фуну үздік үштікке кірген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Ұлыбритания атынан 12 жастағы Скай Браун қатысатынын жазған едік.
Әлем чемпионатының қола жүлдесін еншілеген Скай Браун Олимпиадаға іріктеліп алынған және құрама тарихындағы ең жас қатысушы болған.
Скай Браун британиялық азамат пен жапониялық азаматшаның отбасында өмірге келген. Олар ұзақ уақыт бойы Жапонияда тұрған. Кейінірек, спорттың экстремалды түрімен айналысуға мүмкіндік көп АҚШ-қа көшкен.
Скайдың ата-анасы бастапқыда қыздарының Жапония атынан сайысқа түскенін қалаған. Алайда ақыр соңында таңдау Ұлыбритания құрамасына түскен. Айтуынша, мұнда Скайға толық еркіндік берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1923954-13-zastagy-zapon-qyzy-olimpiadanyn-altyn-medalin-zenip-aldy/