Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас бапкер Чиншанлоның қола жүлдесі туралы: Бұдан да жоғары жетістікке жетуді қаладық

Опубликовано:

Ауыр атлетика
Фото: olympic.kz

Қазақстан қоржыны Олимпиада ойындарында тағы бір қола жүлдемен толықты. Үшінші қола медальді қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло ұтып алды. Осы орайда, жарыстан кейін ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов пікір білдірді деп жазады Olympic.kz.

"Бұл ауыр атлетикадан қоржынымыздағы екінші қола жүлде. Әрине, бұдан да жоғары жетістікке жетуді қаладық. Өйткені, жаттығу барысында бұдан жоғары салмақты бағындырып жүрген болатын. Көптен бері жарысқа қатыспағандықтан нәтиже бүгінгідей болды деп ойлаймын.
Жалпы, барлығы жақсы. Төрешілерге тағатын айып та жоқ. Зульфия зілтемірді көтергенде қателікке бой алдырды. Болашақта осыны ескеріп, ұсақ қатемен жұмыс істейтін боламыз", - дейді бас бапкер Бақыт Ахметов.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді. 

Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді. 

Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды. 

Жалпы есебі Қазақстанда үш қола бар. Бұған дейін Елдос Сметов (дзюдо) пен Игорь Сон (ауыр атлетика) үздіктер қатарынан көрінген болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924055-budan-da-zogary-zetistikke-zetudi-qaladyq-bas-bapker-cinsanlonyn-qola-zuldesi-turaly/

pixel