Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жарыстың жартылай финалына өтті

Опубликовано:

Дмитрий Баландин
Дмитрий Баландин. Фото: olympic.kz

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден жарыстың 1/2 финалына өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық ширек финалда жетінші нәтиже көрсетіп, сайыстың 1/2 финалына өтті. Жартылай финал 28 шілдеге жоспарланған.

Еске сала кетсек, Дмитрий Баландин осы қашықтықтағы олимпиада чемпионы.

Бұған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға өте алмағанын жазған едік.

Бесінші топта жарысқан қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 59,75 секундты көрсетіп, алтыншы орынды иеленді. Ал қорытынды хаттамада Баландин 17-ші сатыға тұрақтады.

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге америкалық Майкл Эндрю үздік нәтиже көрсетіп отыр. Екінші орында англиялық Джеймс Уилби, үшінші орында германиялық Лукас Матцерат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924243-tokio-2020-balandin-200-metrge-brass-adisimen-zuzuden-zarystyn-zartylai-finalyna-otti/

pixel