jitsu gif
Спорт

    Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

    Дмитрий Баландин
    Фото: Тұрар Қазанғапов/Владисав Семенов

    Токиодағы Олимпиада ойындарында брасс әдісімен 200 метр қашықтықта жүзуден жартылай финал өтті. Бұл жарыста дәл осы қашықтықта бұрын Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық Дмитрий Баландин де бағын сынады. Алайда спортшы финалға шыға алмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Баландин аталған қашықтықта өзінің үздік екенін дәлелдей алмады. Жартылай финалда қазақстандық спортшы 2:09.22 нәтиже көрсетіп, он бірінші орынға тұрақтады.

    Ал финалға жақсы нәтижеге қол жеткізген сегіз спортшы өтті.

    Жартылай финал нәтижесі
    Фото: olympics.com

    Айта кетейік, бұған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландиннің жартылай финалға өте алмағанын жазған едік.

    Ол кезде спортшы 100 метрді 59,75 секундта жүзіп өтіп, жарыс қорытындысы бойынша 17-ші орынға тұрақтаған болатын.

    Еске сала кетсек, әзірге Қазақстан қоржынында үш қола медаль бар. Оның бірін дзюдошы Елдос Сметов иеленді. Қалған екеуі ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанлоға тиесілі.

    Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.