Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын ұтқан Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Опубликовано:

Теннис
Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ширек финалда Елена Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-орында тұрған Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алған жоқ

Небәрі екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін енді Елена Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі. 

Айта кетейік, осыған дейін Рыбакина үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичпен кездесті. Векич өз кезегінде әлем үздіктерінің бірі Алина Соболенконы ұтқан болатын.  Елена мен Донна арасындағы кездесу 1 сағат 41 минутқа созылып, Рыбакина 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924390-tokio-2020-alemnin-buryngy-birinsi-raketkasyn-utqan-elena-rybakina-zartylai-finalga-syqty/

pixel