Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннисші Елена Рыбакина: Жеңіске жетем деген оймен шықтым

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz

Теннисші Елена Рыбакина қазақстандық теннис тарихын қайта жазды. Бұрын-соңды теннистен қазақстандықтар олимпиадалық жарыстарда жартылай финалға шыққан емес. Ширек финалда жеңіске жеткен отандасымыз Рыбакина бірден алған әсерімен бөлісті.

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда испандық Гарбинье Мугурусаны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шықты. Осы орайда, теннисші Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, бүгінгі матчты қорытындылады.

"Менің бүгінгі қарсыласым өте тәжірибелі. Сондықтан, матч қиын өтті. Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым. Алдыңғы матчтарда жоқ жерден қателесіп, керек емес жерде ұпай жоғалттым. Бүгінгі ойында сол қателіктерді жібермеуге тырыстым.

Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым. Сол себепті, бүгінгі жеңісім үшін өте қуаныштымын. Жартылай финалдағы қарсыласыммен бұрын ойнап көрмегем. Тек жаттығу кездерінде ғана жолымыз түйісіпті.

Алдағы ойын да оңай болмайды. Допты ойынға сәтті қосу арқылы ұпай жинауға тырысамын. Себебі, бұл менің қолымнан келеді", – дейді Рыбакина.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасының үшінші өкілі жеңіліс тапты. Бұл жолы павлодарлық Серік Теміржанов келесі кезеңге өте алмады.

Сонымен қатар, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Бекзад Нұрдәулетов бірінші кездесуде ресейлік Имам Хатаевқа қарсы шыққан болатын. Өкінішке қарай, 2019 жылғы әлем чемпионы саналатын Бекзад қарсыласынан айласын асыра алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924416-tennissi-elena-rybakina-zeniske-zetem-degen-oimen-syqtym/

pixel