Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлетикадан болашақта Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

зілтемір
Көрнекі фото: olympics.com

Ауыр атлетикадан әлемдік аренада Қазақстанның намысын қорғайтын басты үміткерлер белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыр атлетикадан Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлының айтуынша, ендігі уақытта ерекше көзге түсіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына барады деп үміт күттіріп отырған ауыр атлеттер бар.

"Ерлер арасында Бекболат Рахат, Абылай Әуелханұлы, Сапи Есенгелді, Нұрғиза Әділетұлы, Ақмолда Сайрамкез, Анатолий Савельев, Артем Антонов сынды спортшыларымыз ел намысын қорғайды деп үміттенеміз.
Ал қыздар арасында Айзада Үмітділдә, Гүлнұр Айорай, Айсамал Сансызбаева, Айша Омарова, Руфина Шалқарова, Ольга Поступова, Надежда Ли, Раушан Мешітханова секілді әлемдік жарыста дес бермейтін ауыр атлеттеріміз бар", - дейді Меңдіхан Тәпсірұлы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлде иегері Игорь Сон дайындық одан әрі жалғасатынын айтқан еді.

"Дайындықты одан әрі жалғастырамын. Ендігі Олимпиадада алтын медаль үшін таласқа түсемін деп үміттенемін", - деді Игорь Сон.

Еске сала кетейік, әзірге Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасының үш қола жүлдесі бар. Оларды дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло жеңіп алды. Осылайша, еліміз Олимпиада кестесінде 57 орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1924826-auyr-atletikadan-bolasaqta-qazaqstan-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel