Халықаралық паралимпиада комитеті жарысқа үш минутқа кешіккені үшін малайзиялық спортшыны Токио паралимпиадасының алтын медалінен айырды деп хабарлайды BBC.
Спортшы Мұхаммад Зияд Золкефли ядро лақтырудан F20 санатында сынға түсіп, алтынға қол жеткізген.
Алайда өнер көрсетер алдында колрумға (жарысты күту бөлмесі-ред.) үш минутқа кешігіп келгені үшін Золкефлидің нәтижесі жойылған.
Бастапқыда Золкефлиге кешігуге себеп болғандықтан оған жарысқа қатысуға рұқсат берілген. Алайда, кейінірек төреші спортшының кешігуіне айтарлықтай себеп болмағанын анықтаған.
Осыдан кейін күміс жүлде иеленген украиналық спортшы Максим Ковальға алтын медаль бұйырған.
Золкефлимен бірге кешіккен тағы екі қатысушы хабарландыруды естімегенін, оның басқа тілде айтылғанын хабарлаған. Алайда бәрбір аппеляциялық шағым қабылданбаған.
Болған жайтқа қатысты әлеуметтік желілерде малайзиялықтар наразылықтарын білдіруде.
"Масқара! Әлемдік рекорд орнатып, ауыр еңбекпен иеленген медальді Зиядтан ұрламаңдар", - дейді малайзиялық депутат Фахми Фадзил.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1930135-us-minutqa-kesikken-malaiziyalyq-sportsy-paralimpiada-altynynan-aiyrylyp-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.