Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық бойжеткен бодибилдингтен әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Анастасия Щекотилова
Фото: Instagram/ ifbb_official

Алматылық Анастасия Щекотилова фитнес пен бодибилдингтен әлемнің абсолютті чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"IFBB World Fit Model Championships" біріншілігі Латвияда өтті.

Сайыста жеңіс отандасымыз Анастасия Щекотиловаға бұйырды. Ол мамандығы бойынша экономист, бірақ 2019 жылдан бастап фитнес-модель боламын деп шешкен.

Әлем чемпионының бапкері - бодибилдингтен Қазақстанның бірнеше мәрте жеңімпазы Ұлпан Нұрбекова.

Анастасия өз мансабында аз ғана уақыт ішінде бірқатар жүлде иеленіп үлгерген.

Ол 2021 жылы Қазақстан кубогының абсолютті чемпионы, Еуропа чемпионы, сондай-ақ, Arnold Classic 2021 біріншілігінің екі мәрте чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1940123-qazaqstandyq-boizetken-bodibildingten-alem-cempiony-atandy/

pixel