
Триатлоннан Африка кубогінде қазақстандық Екатерина Шабалина қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Байрақты бәсеке демалыс күндері Марокконың Дахла қаласында өтті.
Екатерина Шабалинаның қорытынды көрсеткіші - 01:01:34.
Алтын және күміс жүлдені жапондықтар Минори Икено мен Чисато Накаджима иеленді.
Айта кетейік, жарысқа 15 мемлекеттен 37 триатлет қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1943310-ekaterina-sabalina-afrika-kuboginde-qola-zuldeni-zenip-aldy/