Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіл атлетика: Қазақстанда өтуі тиіс болған Азия чемпионаты бір жылға шегерілді

Опубликовано:

Жүрігу
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Нұр-Сұлтанда өтетін жабық ғимараттағы Азия чемпионатының кейінге шегерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz.

"Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап, "Омикрон" штамының өршуіне байланысты Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жабық ғимараттағы Азия біріншілігінің 2023 жылға шегерілгенін мәлімдейді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты биылғы жылдың ақпанында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс болған. 

Сонымен қатар, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасы қаңтардың 20-cында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін 22 жасқа дейінгі былғары қолғап шеберлері арасындағы Азия чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1951430-zenil-atletika-qazaqstanda-otui-tiis-bolgan-aziya-cempionaty-bir-zylga-segerildi/

pixel