Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасында Қазақстаннан жарысты кімдер бірінші бастайды

Опубликовано:

Фристайл
Фото: Olympic.kz

Бейжің Олимпиадасында Қазақстаннан жарысты кімдер бірінші бастайтыны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейжіңдегі қысқы олимпиаданың ресми ашылуы 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, кейбір спорт түрлері сайысты 2-3 ақпанда бастап кетеді. Олардың қатарында қазақстандық фристайл-могулшылар бар.

Спорттың бұл түрінен ел намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд қорғайды.

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының бас бапкері Елена Круглыхина KAZ.NUR.KZ тілшісіне бүгін команда дайындықты бастап кеткенін хабарлады.

"Мұнда күн салқын, қалың қар жауып тұр, жел де бар. Бүгін бірінші жаттығуды өткіздік. Олар енді ғана бой үйретіп жатыр. Сондықтан, біз бүгін жарыс жолын сынап көрді десек, артық емес. Жарыс жолы өте қиын. Видеоны қайта қарап, сараптайтын боламыз. Содан соң әрбір спортшы өзі түсетін жолақты таңдайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953721-beizin-olimpiadasynda-qazaqstannan-zarysty-kimder-birinsi-bastaidy/

pixel