Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамақты өзі әзірлеп береді": Бейжіңдегі журналистерге роботтар қызмет көрсетіп жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Медиа орталықтың асханасы
Фото: KAZ.NUR.KZ

Бейжіңнің медиа орталығында орналасқан асхана туралы көптеген БАҚ жарыса жазуда. Оның өзіндік себебі де бар. Тамақтану орнында медиа саласының мамандарына роботтар қызмет көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейжіңдегі қысқы олимпиаданың ресми ашылуы 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, кейбір спорт түрлері сайысты 2-3 ақпанда бастап кетеді.

Осыған орай қазіргі уақытта Қытай астанасына көптеген елдің БАҚ өкілдері келіп үлгерді. Олар Бейжіңдегі медиа орталықта жұмыс істеп жатыр.

Бұнда бір уақытта 720 адамды тамақтандыра алатын асхана бар. Оның аумағы 3 680 шаршы метрді құрайды.

Тамақтану орнында қызметкерлерден бөлек, роботтар БАҚ өкілдеріне еңбек етуде. Олар адамның қатысуынсыз дәстүрлі Қытай тағамы мен бургерлерді өз бетінше дайындай біледі. Сонымен қатар, асханада бармен робот та бар. Ол алкогольді және алкогольсіз сусындар жасай алады.

Тапсырысты қалай береді?

Тапсырыс беруші алдымен кассаға барып, не жейтінін таңдап, ақысын төлейді. Сол маңда оған қайда отыратыны көрсетілетін чек беріледі. Робот тағамды шамамен 4-5 минутта дайындайды. Содан кейін тапсырыс берушінің күтіп отырған асы жоғарыдан түсіріледі.

Ал бургер жасайтын роботтардың функциясы сәл өзгешелеу. Онда арнайы құрылғы тек фаст-фудты дайындайды. Сосын бургерді арнайы қызметкерлер әкеліп береді.

Қымбат бағаға қарамастан журналистер тағамдар мен сусындарға тапсырыс беруде. Олар пандемия жағдайында дәл осы әдісті қауіпсіз деп есептейді.

Медиа орталықтың асханасы
Чекте көрсетілген орынға жайғасып жатқан клиенттер. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бейжің Олимпиадасы
фото: KAZ.NUR.KZ

медиа орталықтың асханасы
Бармен робот. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бейжің
Фаст-фуд жасайтын робот. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бейжің
Фаст-фуд жасайтын робот. Фото: KAZ.NUR.KZ

Айта кетейік, олимпиадашыларға арналған ас мәзірі 4 жыл бойы дайындалды. Қорытынды мәзірге 678 тағам енген. Осы орайда, біраз жайт есепке алынды: диета, діни көзқарас және тағы басқа критерийлер (вегетериандық ас, халал тамақ). Сонымен қатар ас мәзірінде дәстүрлі қытай тағамдары да бар. 

Асханадағы тамақ ішетін ыдыстар да экологиялық таза болып есептеледі. Пандемияға байланысты асханада бетперде мен қолғап, спирт жағылған мақта мен санитайзерлер беріледі.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953769-beizindegi-zurnalisterge-qyzmet-korsetip-zatqan-robottar-turaly-ne-bilemiz-foto-video/

pixel