Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоржынға медаль салатыныма сенімдімін": Бейжіңде рекорд орнатқан отандық спортшы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

конькиші
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті/Сали Сабиров

Бейжіңде 3000 метр қашықтықта сынға түскен конькиші Надежда Морозова бүгінгі өнеріне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта ел намысын Надежда Морозованың қорғағанын жазған едік. Ол 4:04.970 нәтижесін тіркеп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Енді ол 7 ақпанда Екатерина Айдовамен бірге 1500 метр қашықтықта өнер көрсетеді, ал 17-сі күні тағы екеуі 1000 метрде бақтарын сынап көрмек.

Сонымен қатар, 19 ақпанда Морозова масс-стартта жарыс жолына шығатыны белгілі.

"Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы - 4.04. Тауда орналаспаған мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Әрине, бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткім келеді.

Медаль үшін алдағы жарыс күндері барымды саламын. Қазақстан қоржынына жүлде салатыныма жүз пайыз сенімдімін. Маған 1500 метр қашықтықта өнер көрсеткен ыңғайлы. Бар күшімді осы қашықтыққа салатын боламын және жеңімпаздардың қатарынан көрінуге тырысамын", - деді Елена Морозова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954737-el-qorzynyna-medal-salatynyma-senimdimin-beizinde-rekord-ornatqan-otandyq-sportsy-malimdeme-zasady/

pixel