Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: Дмитрий Рейхерд екінші финалға жолдама алды

Опубликовано:

Фото
Фото: KAZ.NUR.KZ тілшісі

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасының алғашқы финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғашқы финалда отандасымыз 76,90 ұпай жинады. Бұл нәтиже үздік он екі спортшы өнер көрсететін екінші финалға жолдама сыйлады.

Айта кетейік, екінші финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 18:05-те басталады.

Екінші финалдан алты спортшы іріктеліп, олар соңғы кезеңде жүлде үшін таласатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта ел намысын Надежда Морозованың қорғағанын жазған едік. Ол 4:04.970 нәтижесін тіркеп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954749-dmitrii-reixerd-ekinsi-finalga-zoldama-aldy/

pixel