Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада күнделігі: Бүгін жарыс жолына шыққан спортшыларымыз қандай нәтиже көрсетті

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасының кезекті жарыс күні аяқталды. Жалпыкомандалық есепте Канада мен Норвегия құрамасы екі алтынмен көш бастап тұр. Ал Қазақстанның әзірге ең жоғарғы көрсеткіші алтыншы орын, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін ең бірінші болып жарыс жолына шаңғымен тұғырдан секірушілер шықты. Аталған спорттан ел намысын қорғап жатқан Сергей Ткаченко және Данил Васильев келесі кезеңге жолдама алды.

Осыдан кейін әйелдер арасында скиатлоннан финалдық кезең өтті. 15 шақырымда бақ сынаған отандастарымыз Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Валерия Тюленева үздік жиырмалықтың қатарынан көрінген жоқ.

Ал конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта жарыс жолына Надежда Морозова шықты. Ол Қазақстан рекордын жаңартқанымен, Олимпиада жүлдегері атанбады.

Фристайл-могулдан Қазақстан командасының көшбасшысы Дмитрий Рейхерд екінші іріктеу кезеңі мен алғашқы финалдан сүрінбей өткенімен, екінші финалда жолы болған жоқ. Осылайша, супер финалға шыға алмаған ол сегізінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, ерлер арасында фристайл могулдан тағы бір отандасымыз өнер көрсеткен еді. Павел Колмаков екінші іріктеу кезеңінен өтпей қалды.

Шорт-тректен ел намысын қорғаған Әділ Ғалиахметовтің де ашығы алшысынан түскен жоқ. Ол 1000 метр қашықтықта сынға түсіп, ширек финалға шықпады.

5 ақпанның ең үздік нәтижесін қазақстандық шорт-трекшілер аралас эстафетада тіркеді. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова төрттігі алтыншы орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954764-olimpiada-kundeligi-bugin-zarys-zolyna-syqqan-sportsylarymyz-qandai-natize-korsetti/

pixel