Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық конькиші қыздар Бейжің Олимпиадасының жүлдесіне қол жеткізе алмады (фото)

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжіңде әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта финалдық жарыстар аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қашықтықта ел намысын Надежда Морозова мен Екатерина Айдова қорғады. Отандастарымыз үздік ондыққа кіре алған жоқ.

Надежда Морозова он төртінші, Екатерина Айдова он сегізінші орынға ие болды.

Аталған қашықтықта Нидерланды конькишісі Ирен Вуст жеңімпаз атанса, күміс медаль жапониялық Михо Такагиге бұйырды. Ал үшінші орынды тағы бір Нидерланды өкілі Антуанетт де Йонг жеңіп алды.

Споршылардың нәтижелері:

1. Ирен Вуст (Нидерланды) — 1:53.28

2. Михо Такаги (Жапония) — +0.44

3. Антуанетт де Йонг (Нидерланды) — +1.54

...

14. Надежда Морозова (Қазақстан) — +3.57

...

18. Екатерина Айдова (Қазақстан) — +5.73

Айта кетейік, әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта 30 конькиші бақ сынады.

Коньки
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954950-qazaqstandyq-konkisi-qyzdar-beizin-olimpiadasynyn-zuldesine-qol-zetkize-almady-foto/

pixel