Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық шаңғышылар Олимпиада ойындарын ерте аяқтады (фото)

Опубликовано:

Спорт
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін Бейжің Олимпиадасында жарыс жолына шыққан шаңғышыларымыз еркін стильде спринтте іріктеу кезеңінен әрі аса алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ел намысын қорғап жатқан спортшы қыздарымыз үздік отыздыққа кіре алған жоқ.

Надежда Степашкина - 51, Ангелина Шурыга - 60, Ксения Шалыгина - 67, Ирина Быкова - 68-орынға ие болды.

Ерлер арасында жарыс жолына шыққан Евгений Величко мен Виталий Пухкалоның да жолы болмады.

Олар үздік отыз шаңғышының қатарынан көрінбеді. Величко 62, Пухкало 66-орынға тұрақтады.

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955170-qazaqstandyq-sangysylar-olimpiada-oiyndaryn-erte-ayaqtady-foto/