Шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков 1500 метрде сынға түсіп, финалға шыққан Әділ Ғалиахметовтің көрсеткішіне баға берді, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
"Әділ Ғалиахмтов өзінің тұңғыш Олимпиадасында финалға шығып, үздік сегіздікке еніп отыр. Бұл төртжылдық додасына алғаш қатысып отырған спортшы үшін үлкен жетістік. Әділ биылғы маусымда нәтижесін жақсарта түсті. Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль алды.
Міне, енді Олимпиаданың финалында үздіктермен иық тірестіріп, жүлдеге таласа алатынын көрсетті. Одан бөлек, аралас эстафетада бақ сынады. Алда 500 метрлік жарыс бар. Сол сында Әділ Ғалиахметов, Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ел намысын қорғайды", - деді бас бапкер.
Айта кетейік, кеше, 9 ақпанда шорт тректен Қазақстан намысын қорғаған Әділ Ғалиахметов Бейжің Олимпиадасының финалына шықты. Ақтық мәреде барын салған ол, сегізінші орынға табан тіреді.
Сайыстан кейін ол төрт жылдықтың ірі додасындағы нәтижесіне баға беріп, алдағы уақытта ірі турнирлерде барын салатынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955514-ulken-zetistik-sort-trekten-bas-bapker-beizin-finalyna-syqqan-galiaxmetov-turaly-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.