Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшеуі де Шымкенттен: Фристайл-акробатикадан ел намысын қорғайтын спортшылар туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасы Бейжің Олимпиадасы қарсаңында дайындықты бастады. Бұл спорттан ел намысын үш спортшы қорғайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атлеттер төрт жылдықтың ірі додасына қатысу үшін Чжанцзякоудағы олимпиада ауылына орналасты.

Қазақстан командасының өкілі Жанбота Алдабергенова әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды жанкүйер болуға шақырды.

"Сәлем. Бұл менің үшінші Олимпиадам. 13-14 ақпан күндері Қазақстан намысын қорғайтын боламын. Қысқы ойындарда барынша жақсы өнер көрсетуге тырысамын. Алайда нәтижені бірге көреміз", - деді ол.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасына фристайл-могулдан ел намысын Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев қорғайды.

Жанбота Алдабергенова туралы не білеміз?

Жанбота 1995 жылы 23 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Жетістіктері:

  • Раубичи. Еуропа Кубогы. 2012 жыл. Алтын.
  • Сочи. Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2014 жыл.
  • Сондрио. Әлем чемпионаты. 2015 жыл. Қола.
  • Мәскеу. Әлем чемпионаты. 2016 жыл. Күміс.
  • Алматы. Дүниежүзілік қысқы Универсиада. 2017 жыл. Алтын.
  • Пхенчхан.Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2018 жыл.
  • Рука. Әлем Кубогы. Алтын. 2019 жыл. Қола.
  • Рука. Әлем чемпионаты. 2021жыл.Күміс.

Ақмаржан Қалмұрзаева туралы не білеміз?

Ақмаржан 1995 жылы 25 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстанның спорт шебері. Ол 15 жасынан фристайл-акробатикамен айналысып келе жатыр.

Жетістіктері:

  • Айроло. Еуропа Кубогы. 2017 жыл. Қола.
  • Айроло. Еуропа Кубогы. 2018 жыл. Қола.
  • Рука. Еуропа кубогы. 2019 жыл. Күміс.
  • Пхенчхан. Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2018 жыл.

Шерзод Хаширбаев туралы не білеміз?

Шерзод 2003 жылы 14 cәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының спорт шебері. Фристайл-акробатикамен 11 жасынан бастап айналысып келе жатыр. Бұл спортқа әкесі Дильмұрат Хаширбаев алып келген.

Жетістіктері:

  • Алматы. Қазақстан чемпионаты. 2020 жыл. Күміс.
  • Юта. Солтүстік Америка кубогы. 2021 жыл. Алтын.
  • Әлем және Еуропа Кубоктарына қатысып үздік ондыққа енген.
Спортшылар
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955615-useui-de-symkentten-fristail-akrobatikadan-el-namysyn-qorgaityn-sportsylar-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel