Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ халқына алғыс айтамын": Бейжің Олимпиадасының жүлдегері ағынан жарылды

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Шорт тректен Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, ресейлік Семен Елистратов қазақ халқына алғысын біліріп, ел спортшыларына қысқы ойындарда сәттілік тіледі, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Айта кетейік, 1500 метр қашықтықта үшінші орын алып, Ресей қоржынына қола медаль салған Семен Елистратов соңғы бір жылда Қазақстан командасымен бірге дайындалып, оқу-жаттығу жиынын өткізді.

"Олимпиада қарсаңында бізге жағдай жасағаны үшін қазақ халқына тіземді бүгіп, алғыс айтамын. Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне шексіз рахметімді білдіремін. Қаңтар айында елде тәртіпсіздік басталған кезде бізді стадионға жауып тастап, алаңсыз дайындалуымызға бар күшін салды.

Шорт-тректен Қазақстан командасына, Әділ, Денис, Абзалға, менімен бірге жаттыққан барша қыз-жігіттерге алғысым зор.

Менің жаттықтырушым Максимов Андрей Иванович соңғы бір жылда Қазақстан командасының бапкер кеңесшісі қызметін атқарды. Мен де бапкерімнің соңынан келдім. 

Қазақстандық шорт-трекшілер дамып, нәтижелерін күн сайын жақсартуда. Мәселен, Әділ өзінің алғашқы Олимпиадасында финалға шықты. Мен оған үнемі "жұмы істе, еңбектен, сол кезде сен де тұғырға шығасың" деп айтатынмын. Өйткені, оның жанарынан жастық шағымдағы өзімді көремін. Қазақстан спортшыларының болашағы зор. Барша қазақ халқына көп рахмет", - деп ағынан жарылды ресейлік спортшы.

Семен Елистратов Бейжің Олимпиадасынан бөлек, бірнеше қысқы додада бағы жанған. Мәселен, Сочиде өткен Олимпиадада жеңімпаз атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955792-qazaq-xalqyna-algys-aitamyn-beizin-olimpiadasynyn-zuldegeri-agynan-zaryldy/

pixel