Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауа райы әсер етті": Бейжің Олимпиадасында тағы бір спортшымыз жарысты ерте аяқтады

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бейжің Олимпиадасында таң шаңғысынан алып слалом бойынша бірінші кезең мәресіне жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған спорт түрінен ел намысын Захар Кучин қорғады. Отандасымыз өзіне берілген мүмкіндікті толықтай пайдалана алған жоқ. Яғни, мәреге жетпеді.

Осылайша, Захар Кучин екінші айналымға жолдама алған 54 спортшының қатарынан көрінген жоқ.

Кейінірек отандасымыз жарысты неліктен аяқтай алмағанын түсіндірді. 

"Бүгінгі ауа райы көптеген спортшыға кері әсерін тигізді. Жарысты бастаған 90 адамның жартысы ғана мәреге жете алғанын көрдіңіздер. Менің негізгі мақсатым - бірінші мүмкіндігімде мәреге дейін құламай жету еді.
Кейін бапкерлермен ақылдасып, екінші мүмкіндігімді ойластыруды көздегенбіз. Бірақ таудан түсер кезде, яғни, жоғары жақта бірден техникалық қате жіберіп, жарысты аяқтай алмадым. Негізі, дәл осы алып слаломда жақсы өнер көрсетуші едім. Ойлағанымдай болмады. Енді слалом бәсекесін күтеміз", - деді Захар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1955880-aua-raiy-aser-etti-beizin-olimpiadasynda-tagy-bir-sportsymyz-zarysty-erte-ayaqtady/