Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: 15 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

олимпиада11
Көрнекі фото: pixabay.com

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының оныншы күнінде Қазақстан екі спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 ақпанда Шерзод Хаширбаев шаңғы акробатикасынан финалға шығу үшін іріктеуге қатысады. 

Ал Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан өнер көрсетеді. Ол үлкен трамплин мен Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу жарысынан сынға түседі.

15 ақпандағы жарыс кестесі:

Шаңғы қоссайысы

14:00 Үлкен трамплин. К-125. Ерлер 17:00 Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер

Фристайл 17:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер 17:45 Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Ерлер

Шаңғы акробатикасын Хабар телеарнасынан, шаңғы қоссайысын Qazsport арнасынан көруге болады. Жарыстар Нұр-Сұлтан уақытымен басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956082-beizin-olimpiadasy-15-aqpanda-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel