Шорт тректен Бейжің Олимпиадасының финалисті Абзал Әжіғалиев қысқы ойындардағы өз өнеріне баға беріп, төрт жылдықтың ірі додасында сынға түскен спорты туралы сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы спортшы Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған баспасөз конференциясында айтты.
"Ел намысын қорғап, абыройлы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Медаль алуыма тактика жетіспеген шығар. Жалпы көрермендерге көңіл-күй сыйлай білдім деген үміттемін. Сонымен қатар қарапайым халық шорт тректің қандай спорт екенін тани түсті деп сенемін. Себебі халық көбіне шорт тректі конькимен шатастырып жатады. Негізі шорт тректің өзі іштей бірнеше түрге бөлінеді. Одан бөлек, жарыстың 4 жыл сайынғы олимпиадамен шектелмейтінін еске салғым келеді. Шорт тректен Азия чемпионаты, әлем кубогы бар", - деді Абзал.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін шорт тректен 500 метр қашықтықта Бейжің Олимпиадасының финалына шығып, төртінші орын алған Абзал Әжіғалиев мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956224-konkimen-satastyrady-abzal-azigaliev-beizinde-synga-tusken-sporty-turaly-aitty/