Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүлде алуымыз мүмкін": Бас бапкер конькиші қыздардың Бейжіңдегі өнеріне баға берді

Жарияланған күні:

Спортшы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко Бейжің Олимпиадасында 1000 метрде бақ сынаған Екатерина Айдова мен Надежда Морозованың өнеріне баға берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасында 1000 метрге жүгіруден Надежда Морозова 11, Екатерина Айдова 19-орын алды. 

Оның сөзінше, соңғы күндері Морозова техникалық және физикалық тұрғыдан жақсара түскен.

Атлеттің дайындық кезінде арқасында аздаған жарақаты болыпты. Бас бапкер Қазақстанда бұл мәселені шеше алмадық, дейді.

"Олимпиадаға келген соң әріптестеріміз көмектесті. Кеше және алдыңығы күні оның уақыты жақсара түсті. Таңғалдым. Бүгін ол біз күтпеген нәтиже көрсетті

Оның алға басқаны мені қуантады. Медальға таласа алатынын көрсетіп, үміт сыйлауда. Келесі Олимпиадаға бұдан да үлкен міндеттер қоюға болады. Өйткені, жүлде алуымыз әбден мүмкін. 

Ал Айдоваға келер болсақ, бұндағы жағдай қиындау. Оның кеңінен көсілуіне жарақаты мүмкіндік берер емес. Тізесінің ескі жарақаты әлі мазалайды. Спринттен біздегі ең үзік осы Айдова еді ғой. Оның нәтижесі көңіл құлазытады. Десе де, бұл оның төртінші Олимпиадасы. Мұндай жарақатпен қысқы ойындарға қатысу оңай емес. Оның орнында басқа спортшы болғанда, күш таба алмай, спортпен баяғыда қоштасар ма еді?! Қайталап айтамын, Айдова жарады", - деді Дмитрий Бабенко.

Бас бапкер елімізде конькиді жетік меңгерге талантты жастар бар екенін жасырмады.

"Соңғы кездері Алина Дауранова жақсы жағынан көзге түсіп жүр. Италияда өтетін келесі Олимпиадада қуантады деп ойлаймын", - деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956649-zulde-aluymyz-mumkin-bas-bapker-konkisi-qyzdardyn-beizindegi-onerine-baga-berdi/