Бейжің Олимпиадасында әйелдер арасында масс-старт жарысы басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жартылай финалда ел намысын Надежда Морозова қорғады. Екінші топта өнер көрсеткен отандасымыз сегізінші орынға ие болып, жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.
Финал Нұр-Сұлтан уақытымен 15.00-де басталады. Тікелей эфирді Хабар арнасы ұсынады.
Айта кетейік, Надежданың күйеуі Дмитрий Морозов ерлер арасында масс-стартта сынға түсіп, жартылай финалдан өте алмады.
Надежда Морозова туралы не білеміз?
Надежда 1998 жылы 22 қыркүйекте елордада өмірге келген. Ол конькимен жүгірумен 12 жасынан бастап айналысады.
Спортшы 1500, 3000 және 5000 метр қашықтықта еліміздің үш ұлттық рекордын орнатқан.
Надежда 2020 жылы АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында екі қашықтық бойынша сынға түсіп ( 1500 және 3000 метр), екі күміске ие болды.
Сонымен қатар, өткен жылы ол Польшаның Томашув-Мазовецки қаласында өткен әлем кубогында қола жүлдені Қазақстан қоржынына салды.
Айта кетейік, Дмитрий мен Надежда 2018 жылы сәуір айында отау құрған. Олардың үйлену тойлары Алматы қаласында өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1956918-beizin-olimpiadasy-nadezda-morozova-finalga-syqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.